Темір жол саласында қосымша үш мың жұмыс орны ашылады

Фото: Pexels

Темір жол саласында машина жасау бойынша Қазақстанда үш мың жұмыс орны ашылады, – деп хабарлайды Taspanews.kz 24kz сілтеме жасап.


Алдағы екі жылда темір жолды жаңарту мен бағыттар бойынша жаңа жол жасау жұмыстары жүргізіледі. Олардың ішінде  «Достық-Мойынты», «Дарбаза - Мақтаарал» жобалары, Қызылжар мен Мойынты станциялары аралығындағы темір жол құрылысы жүзеге асатын болады.


Одан бөлек, Астана мен Қостанайда жаңа өндіріс орындары ашылды.


Айта кетсек, алдыңғы жылы ел бойынша 124 локомотив, 2,5 мың жүк және 122 жолаушылар вагондары жасап шығарылды. 


Жоспардағы жұмыстар 12 инвестициялау жобалары арқылы жүргізіледі. Осыған дейінгі нәтиже де инвестициялаудың арқасында мүмкін болды. Бір жыл бұрын темір жол саласындағы машина жасауға 23 млрд теңге бөлінді. Бұл өндірісті 5 есе арттырды.