Теміртау қаласында 31 солдат ішек таяқшасымен ауруханаға түсті

Теміртау ішек таяқшасы фото на taspanews.kz от 21 августа 2024 08:51
Фото: Pexels

Теміртау қаласының 5516 әскери бөлімінде 31 солдат тамақтан уланған, – деп хабарлайды Taspanews.kz 24KZ сілтеме жасап.


Қарағанды облысы, Теміртау қаласында ішек таяқшасынан зардап шеккен солдаттар 2 күн бойы әскери бөлімдегі медицина бөлімшесіне көмек сұрап келген. Саны 31-ге жетіп, олар инфекционист дәрігерге жіберілді. Ауруханаға жатқызылған солдаттардың ахуалы жақсарып келеді. Ұлттық гвардияның "Орталық" өңірлік қолбасшылығы, Ұлттық гвардиа қолбасшылығы өкілдері және медицина қызметкерлері оқиға себебін анықтау үшін жұмыс атқаруда. Бұдан әрі уланғандар қатары толыққан жоқ.


Біздің офицерлер, командирлер оларды көріп қайтады. Біз олармен сөйлесеміз. Ауыр науқастар жоқ. Жағдай түзеліп келеді. Біз олардың тезірек сауығып кетуіне бар күшімізді саламыз.  Берік Тоқтаров, ҚР Ұлттық ұланы "Орталық" қолбасшылығы командирінің орынбасары:

Следите за новостями Taspanews