Теміртау қаласында есірткіге қарсы іс-шара қорытындысы шықты
Фото: Polisia.kz
Қарағанды облысы Теміртау қаласында есірткі қылмысына қарсы "Қарасора 2024" іс-шарасының нәтижесі шықты, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Қарағанды облысы ПБ Есірткіге қарсы бөлімі 1 маусымнан 31 қазанға дейін 10 аса ауыр қылмыс түрлерін анықтады. Олардың қатарында есірткі сақтау мен айналымға шығару.
Жалпы алғанда 5 кг есірткі тәркіленді. 6 сатушы жауапқа тартылып, 1 қылмыстық топ ұсталды.
46 жабайы қарасора жойылды.