«Теміртау – Қарағанды» автожол учаскесінде жол апаты орын алды

Freepik фото на taspanews.kz от 06 марта 2025 22:21
Фото: Freepik

2025 жылы 6 наурыз күні сағат 16:30-да «Теміртау – Қарағанды» автожол учаскесінде («Астана – Қарағанды (айналма жол) Алматы»  автожолының 1449 шақырымында жол апаты орын алды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚазАвтоЖол баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.


Қатты қар жауғаннан жолды көру қиындағандықтан, 10 автокөлік соқтығысып қалды.


Осыған орай, сағат 17:00-де «Теміртау – Қарағанды» төлемақы алатын пунктінде барлық автокөлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Заңнамаға сәйкес жол белгілері орнатылды.


«Жол-көлік оқиғасының алдын ала себебі – жол қозғалысы ережелерін сақтамау», – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews