Теміртау полицейлері 600 мың теңгеге ұрланған азық-түлік ісін ашты
Фото: Pexels
Теміртауда Қарағанды облысының полицейлері дүкеннен атышулы ұрлықтың бетін ашты, - деп хабарлайды Taspanews.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Теміртау қалалық ІІБ Ескі қала бөлімшесінің криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері сауда нүктесінен ұрлық дерегінің бетін ашты. Терезенің пластик жақтауын бұзған қылмыскерлер дүкенге кіріп, 600 мың теңгенің азық-түлік өнімдерін ұрлаған.
Ұрлық жасады деген күдікпен 26 және 59 жастағы екі ер адам ұсталды. Екеуі де мойындап, ұрланған заттар тәркіленді.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.