«Теңізшевройл» ЖШС басшылық құрамында қазақстандық кадрлардың үлесін арттыру ұсынылды

Теңізшевройл фото на taspanews.kz от 15 апреля 2025 09:41
Фото: Теңізшевройл

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов пен Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уиртпен кездесуде «Теңізшевройл» ЖШС басшылық құрамында қазақстандық кадрлардың үлесін арттыру қажеттілігін атап өтті, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚазМұнайГаз сілтеме жасап.


Осы орайда, ТШО-да қызмет атқаратын отандық мамандардың шетелдік тағылымдамадан өткені, компанияда басшылық және басқарушылық лауазымдарға орналасу үшін біліктілігін шыңдағандары атап өтілді.


Одан бөлек, тараптар қуаты жылына 4,5 млрд текше метр шикі газды құрайтын жаңа газ өңдеу зауытын салу бастамасын іске асыру барысы туралы талқылау жүргізді. Теңіз кен орнындағы Болашақ кеңейту жобасының сәтті аяқталуына тоқталды. Теңіз, Қарашығанақ кен орындарын игеру, геологиялық өзара іс-қимыл сөз етілді.


«ҚМГ басшысы өнеркәсіп қауіпсіздігінің жоғары деңгейін ұстап тұру үшін өндіріс нысандарына техникалық қызмет көрсету мен оларды уақытылы жаңғырту қажеттігіне назар аударды», – делінгін ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews