Tiktok жариялаған байқауға Қазақстан мұғалімдері үшінші рет қатысады
Фото: Pexels
TikTok платформасы Оқу-ағарту министрлігімен біріге педагогтермен байқау өткізеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz министрлікке сілтеме жасап.
Байқауға колледж, мектеп және жоғарғы оқу орны студенттері қатыса алады. Жобаның мақсаты білім беру әдістерін қолдана отырып, аудиториямен танымдық ақпарат бөлісу.
4 қараша мен 3 желтоқсан аралығында мұғалімдер аталған әлеуметтік желіде 30 секундтан кем емес бейнероликтер жүктейді.