Тимур Тайбеков "Азия балалары" ойындарында бокстан алғашқы алтын медальді жеңіп алды

Фото: ҚР СТМ

Қазақстандық Тимур Тайбеков Якутскіде өткен "Азия балалары" ойындарында бокстан алғашқы алтын медальді жеңіп алды, – деп хабарлайды Taspanews.kz "ҚР ТСМ" -не сілтеме жасап.


Қарағанды бокс мектебінің тәрбиеленушісі Тимур Тайбеков Якутскіде өткен "Азия балалары" ойындарында алғашқы алтын медалін жеңіп алып, жетістікке жетті. Финалдық жекпе-жекте 75 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен боксшы Өзбекстанның жас спортшысын жеңді.


Бүгін тағы бір қазақстандық спортшы Бекарыс Әділбай 50 кг дейінгі салмақта күміс медаль иегері атанды.


Бұған дейін Нұрмұхамед Алдаберген (54 кг), Ақжүрек Қалабай (57 кг), Ислам Ермұхамбет (60 кг), Кенесары-Әмір Маржықпаев (63 кг) және Ерубай Тұрлыбай (80 кг) өз салмақ дәрежелерінде қола жүлдеге ие болған.


Ертең финалдық жекпе-жек өтеді, онда медальдар үшін Темірхан Жолмахан (52 кг) және Нұрасыл Қарымбек (70 кг) күреседі.