Тоқаев Олимпиада жүлдегерлерін 15 тамызда марапаттайды

Фото: Akorda.kz

Алматының Спорттық нысандар Дирекциясындағы Taspanews.kz редакциясының ақпарат көзі 15 тамызда қазақстандық спортшылар ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесетінін хабарлады.


Спикер атап өткендей, қазақстандық олимпиадашылармен кездесу Ақордада өтуі тиіс. Қабылдауда Қазақстан Президенті Олимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегерлерін жеке марапаттайтын болады.


"Олар ертең марапаттауда, Президентпен кездесуде болады",  – деді сұхбаттасушы Taspanews.kz редакциясының тілшісімен әңгімелесу барысында.

Еске салсақ, бүгін Мемлекет басшысы Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді.  Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады