Тоғыз айдан соң тірі табылды: Алматы қаласының 37 жасар тұрғыны үйіне оралды
Фото: Instagram
Белгісіз себептермен жоғалып кеткен 37 жастағы Анна Куприянова тоғыз ай өткен соң табылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Lider.kz сілтеме жасап.
2023 жылдың күзінде, 7 қарашада, шамамен 16:15-те ол Қарасай ауданының Ұмтыл округі, Озерная көшесі, 51 мекен-жайынан шығып, із-түзсіз жоғалып кетті. Көк түсті күртеше, қара джинсы және ақ кроссовкимен киінген ол сол кеткеннен жоғалған. Әйелді табуға көмектескен Lider ұйымының еріктілері Instagram парақшасында қуанышты жаңалықты жариялады.
Анна табылды. Еріктілер барлық мүмкін ресурстарды пайдаланып, жергілікті билікпен ынтымақтаса отырып, Аннаның қайта оралуы үшін күрескен.