Тоқаев Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша референдум өткізу мерзімін жариялады

Фото: Акорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындары Қазақстанда атом электр станциясын салу туралы өз пікірлерін білдіре алатын уақыт аралығын айтты, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ақорданың Telegram каналының ақпаратына сілтеме жасап.


Тоқаев ҚР-да атом энергетикасы саласын дамыту үшін үлкен әлеует бар екенін айтты. Бұл ресурстарды ұтымды және тиімді пайдалану өте маңызды. Соңғы сөз ҚР азаматтарында қалады.


"Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешімді халық қабылдайды. Референдум биыл күзде өтеді", - деп қорытындылады мемлекет басшысы.


Ендігі кезекте Үкімет Референдум өткізудің нақты күнін белгілейді.