Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

Фото: Pexels

Қазақстан президенті өзінің X әлеуметтік желідегі парақшасында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады, – деп хабарлайды Taspanews


«Бүгін, 31 мамырда біз өткен ғасырдағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алып, тағзым етеміз. Біздің мемлекетіміз қуғын-сүргіннің жазықсыз құрбандарына қатысты тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге, тарихтың қаралы беттерін тиянақты әрі объективті зерделеуге көп көңіл бөлуде. Өткеннің сұмдық сабақтарын толық меңгеріп, оларды есте сақтау арқылы ғана біз әділетті мемлекет пен келісімді қоғам құру жолында кез келген қиындықтарды жеңіп, жаңа белестерді бағындыра аламыз» Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстанда 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде аталып өтеді. Бұл қаралы күн ХХ ғасыр тарихының қасіретті беттерінің бірі – жаппай қуғын-сүргін мен жан түршігерлік ашаршылыққа арналған.