Тоқаев Нидерланды Премьер-Министрін қабылдады
Фото: Ақорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президент резиденциясында Нидерланды Премьер-Министрі Марк Рюттені қабылдады, - деп хабарлайды Taspanews тілшісі Ақорданың Telegram арнасына сілтеме жасап.
Жоғары мәртебелі қонақ Астанаға жұмыс сапарымен келді.
Салтанатты кездесуден кейін Тоқаев пен Рютте келіссөздер бөлмесіне кірді.