Тоқаев пен Си Цзиньпин негізгі құжаттарды бекітті
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин бірлескен мәлімдемеге қол қойды, –деп хабарлайды Taspanews.kz "ҚР ҒЖБМ"- ға сілтеме жасап. Жоғары деңгейдегі келіссөздер аяқталғаннан кейін Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының көшбасшысы Си Цзиньпин бірлескен мәлімдемені бекітті.
Сапар барысында келесі ведомствоаралық, мемлекетаралық және коммерциялық құжаттарға қол қойылды:
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі арасындағы қытай тілін оқытудағы өзара іс қимыл туралы келісім;
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Тяньцзинь кәсіби институты арасында Лу Бань шеберханасын құру бойынша өзара түсіністік туралы Меморандум;
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы мен Шэньчжэнь университеті арасындағы кооперативтік зертханалар құрудағы ынтымақтастық туралы келісім;
"Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті" КЕАҚ мен Қытай ауыл шаруашылығы университеті, Dayu Irrigation Grou Co.Ltd арасындағы келісім – "Құрғақ аймақтарда суды жоғары тиімді пайдалану жөніндегі Қазақстан-Қытай халықаралық зертханасын құру туралы";
"Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті" КЕАҚ мен Қытай Халық Республикасының Ланьчжоу университеті арасындағы "Қазақстан-Қытай ақылды егіншілік орталығын бірлесіп құру туралы" келісім;
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қытай Халық Республикасының солтүстік-батыс политехникалық университеті арасындағы микроспутниктерді зерттеу және кадрлар даярлау саласындағы өзара түсіністік туралы келісім;
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Шәкәрім университеті және Қытайдың солтүстік-батыс ауыл шаруашылығы және орман технологиялары университеті Қазақстан-Қытай аграрлық ғылым және білім беру орталығын құру туралы.