Тоқаевқа Алматы әуежайындағы жаңа халықаралық терминал көрсетілді

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында жаңа халықаралық терминалды ашты. Бұл оның Алматыға сапары аясында болды, -*деп хабарлайды Taspanews Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап


Президенттің баспасөз қызметі кездесуде басты назар жаңа терминалды ресми ашар алдында тексеріп, оның мүмкіндіктерін зерделеу болғанын хабарлады. Қонақтарға тіркеу, паспорттық бақылау, кедендік бақылау және багаж бөлімі көрсетілді.


АҚ «Алматы халықаралық әуежайы» президенті Альп Ер Тунга Ерсой жаңа ғимараттың барлық сейсмикалық қауіпсіздік стандарттарына сай келетінін және 10 балға дейінгі жер сілкінісіне төтеп бере алатынын, сонымен қатар өрт қауіпсіздігі талаптарына сай екендігін айтты.


Терминал аумағы 53 500 шаршы метрді құрайды, өткізу қабілеті жылына 14 миллион жолаушы.


Жаңа терминал Орталық Азиядағы бірінші болып Excellence in Design for Greater Efficiencies (EDGE) сертификатына ие болады. Жолаушыларға, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға жайлы қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін 50 жаңа касса және заманауи құрал-жабдықтар орнатылады.


Президент VIP терминалды да аралап көріп, әуежай қала мен еліміздің визит картасы екенін атап өтті.


«Алматы халықаралық әуежайы – еліміздегі ең ірі әуежай. Жыл сайын оңтүстік астанаға туристер ағыны ұлғайып келеді, 2023 жылы мегаполиске 2 миллионнан астам турист келді. Екі жыл бұрын менің қатысуымен құрылыс алаңына капсула салу рәсімі өтті, ертең Алматы халықаралық әуежайының жаңа терминалы алғашқы рейстерге қызмет көрсетеді» Қасым-Жомарт Тоқаев

Соңында Мемлекет басшысы TAV GROUP пен кредиторлар консорциумына – ЕҚДБ, ХҚК және ЕАДБ жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.