Төреғали Төреәлі туған жері мен мектебін оқырмандарына көрсетті
24 шілде күні Төреғали Төреәлі инстаграм парақшасындағы стористерде туған өлкесі Байқоңырға келгенін көрсетті, – деп хабарлайды Taspanews.kz.
Ауылына деген сағынышын "Әркімнің туған жері Мысырмен тең" деп білдірді.
Бірінші кезекте ол мектебін көрсетуге асықты. Бірінші сыныпта осында гүл ұстап келгенін, бастауышта – Балшекер апай, сынып жетекшісі – Гүлбану апайды және директоры – Айна Жәлиеваны еске алды. Оның айтуынша, Балшекер апайына "Шуба" кигіземін деп уәде берген екен. Осы арманы бұрынырақ концертте орындалған. Концерт үстінде ұстазына "Шуба" кигізген екен.
Кішкентай Төрешті еске ала: "Өскенде Олимпиада чемпионы, ақын боламын дейтін" деп кеудесін жарған балалық шақтың естеліктеріне қайта сүңгіді. Мектеп жанында оған жақындаған баламен суретке түсіп жатып: "Қайдан танып қойдың?" деп таң қалды.