«Төрт баламды да күтушіге қимадым»: Жұлдыз Әбдікәрімова 10 жыл бала тәрбиесінде болғанын айтты
Фото: instagram.com/zhuldyz_abdukarimova
Қазақстандық актриса, тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова тұрмысқа шыққан соң неліктен 10 жыл үйде отырғанын айтты. Бұл туралы Taspanews.kz хабарлайды.
Әбдікәрімова Instagram-дағы ресми парақшасында оқырман сұрақтарына жауап беріп, бала тәрбиесі туралы айтты. Оның сөзінше, ол «төрт баласын да күтушіге қимаған».
«Мен 10 жыл ай қарап жүрген жоқпын. Ол менің өмірімдегі ана болу, балаларымның алғашқы тәй-тәй басуы, алғаш шүлдірлеп сөйлеуі деген маңызды кезең болды. Төрт баламды да ешқандай көмекші, күтушіге қимадым. Барлық сәттеріне өзім куә болғым келді», – деп жазды актриса