Трамадолды рецептсіз сату қылмыстық жауапкершілікке әкелетіні қайта ескертілді

Фото: Pexels

ҚР Ішкі істер министрлігі дәріханалар мен фармацевтикалық компаниялар басшыларына қолданыстағы заңнамаға сай, трамадол психотроптық затын рецептсіз және лицензиясыз сатуға болмайтынын қайта ескертті, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


2023 жылдан бастап трамадол есірткі заттар тізіміне кіреді. Оны қазіргі таңда тек дәрігер рецептімен, тиісті лицензиясы бар дәріханалар ғана сата алады.


Осы жылдың басынан бері трамадолды заңсыз сақтаған үш адам қамауға алынды. Олардан 2500-ден көп таблетка тәркіленді.


«Медицинада қолданылатын психотроптық заттар мен есірткілерді рецептсіз сату Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен қаралып, "есірткіні заңсыз өткізу" болып саналатынын ескертеміз. Бұл үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасы бастығының орынбасары.