Түркістан облысының тұрғыны ауласында есірткі өсірген

Фото: Polisia.kz

Түркістан облысы, Төле би ауданы жедел-іздестіру іс-шаралары аясында бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Түркістан облысы, Төле би ауданы жедел-іздестіру іс-шаралары аясында бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Полиция қызметкерлері түркістандықтың тұрғын үй ауласынан сора түптерін тауып, 1 келіден астам есірткі затын тәркіледі. 


Құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.