Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу бойынша жаңа ережелер енгізілді

Фото: Pexels
Қазақстанда үй құрылысына үлестік қатысу туралы үлгі шартқа өзгерістер енгізілді,– деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР НҚАЭЭБ-не сілтеме жасап.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі бұйрығына сәйкес, 5-1 тармағы қосылып, тұрғын үйдің нақты ауданы өзгерген кезде тараптар техникалық паспорт тіркелген күннен бастап, 30 күн ішінде ауысқан аудан шамасы бойынша айырма төлейді.
8-1 жаңа тармағы бойынша, шаршы метр құны ұлғаймайды және бекітіледі.
29 тармаққа келесідей редакция жасалды:
"Уәкілетті компания шартта көзделгенге қатысты пайдалануға берілген тұрғын үйдің нақты алаңының 1,5%-дан астам ұлғаюынан көрінетін жобалау-сметалық құжаттамадан ауытқығаны үшін жауапты болады. Үлескердің қосымша алаңының құнын өтеу сомасы осы жағдайда алаңның 1,5% - құнынан аспауға тиіс", –