Түркістан облысында 13 жыл бұрын адам өлтірді деген күдікті қолға түсті

Фото: Midjourney
Фото: ҚР ІІМ

Түркістан облысында полицейлер 13 жыл бұрын ақша айырбастау пунктінде кассирді өлтірді деген күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Taspanews ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап


Тынбай жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде Шымкентте бұған дейін заң бұзушылықтары бар 46 жастағы ер адам ұсталып, уақытша қамауға алынды.


Тергеу анықтағандай, қылмыс 2011 жылы күдікті Жетісай қаласының валюта айырбастау пунктінде жұмыс істейтін тұрғынына қарақшылық шабуыл жасап, оны өлтіріп, 5000 АҚШ долларын алып қашып кеткен. Содан кейін полицейлер дереу қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастады: базар маңынан қылмыскерге тиесілі мотоцикл табылып, заттай айғақтар жиналды.


Полицейлердің 13 жылдық әрекетінен кейін күдікті қамауға алынып, өз кінәсін толық мойындады. Қылмыстық іс бойынша барлық жиналған мәліметтер мен материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.