Түркістан облысында дүкеннен 500 мың теңгеге ет ұрлаған ер адам ұсталды

Фото: Polisia.kz

Түркістан қаласының полиция қызметкерлері жедел іздеу жұмыстары барысында ұрлық бойынша күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Түркістан қаласы Полиция басқармасы 46 жасар ер адамды ұрлық жасау бойынша күдікті деп таныды. Ол таңғы 04:00 шамасында дүкенге заңсыз еніп, 500 млн теңгелік ет тауарларын иемденген.


Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


Еске салсақ, ұрлық бойынша Астанада да бейнекамералар өз көршісінің үйінен ноутбук ұрлаған адамды табуға көмектескен.