Түркістан облысында грант пен зейнетақы алып беруге уәде берген алаяқ ұсталды
Фото: Pexels
Түркістан облысында алаяқ тұрғындарға 5 миллион теңге шығын келтірді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Мемлекеттік грант алып беру мен зейнетақы алуға көмек берерін айтып сендірген бейтаныс адамға бірнеше адам өз қалталарынан қомақты қаражат берген.
Жәбірленушілер толығымен жоғалтқан сомасын қайтарды. Қылмыстық іс материалдары сотқа берілді. Күдіктінің 3 рет алаяқтық жасағаны белгілі болды