Түркістан облысында полицейлер заңсыз сақталған қаруды тәркіледі

Фото: polisia.kz

Түркістан облысында полицейлер заңсыз сақталған қаруды тәркіледі, - деп хабарлайды Taspanews.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Полицейлер заңсыз қаруды анықтап, тәркіледі. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы ІІД бастығының орынбасары Құрманбек Сахов мәлім етті.


Түркістан облысы ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралардың нәтижесінде Сайрам, Түлкібас және Бәйдібек аудандарында қаруды заңсыз сақтау фактілерін анықтады.


Тінту кезінде тергеушілер жергілікті төрт тұрғыннан АК-47 автоматы, үш винтовкалы карабин, екі аңшы мылтығы, травматикалық тапанша, әртүрлі калибрлі патрондар, жабайы арқар мүйіздері және басқа да айғақты заттар тәркіледі.


Спикер заңсыз қару сақтау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Сараптама тағайындалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Күдіктілердің қару-жарақ пен оқ-дәрілерді қандай мақсатта сақтағаны және барлық мән-жайлар анықталуда. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.  деп атап өтті Сахов.