Түркістан облысында шаруалар қыс ортасында қырыққабат жинауға кірісті

Түркістан фото на taspanews.kz от 30 января 2025 13:26
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

 Түркістан облысы, Келес ауданында шаруа қыс мезгілінде қырыққабат өнімін жинауға кірісті, – деп хабарлайды Taspanews.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.


Біртілек ауылдық округіне қарасты Жолбасшы ауылының тұрғыны Шералы Тәжібаев 2 гектар жерге егілген қырыққабаттан 38 тонна өнім жинап отыр. Былтыр күзде отырғызылған көкөніс қазір толықтай пісіп жетілген.


Шаруа ақпан айында тағы 100 тонна өнім алуды жоспарлауда. Жиналған қырыққабаттың алғашқы легі еліміздің ірі қалаларына жөнелтілуде. Келестік шаруа бір маусымда үш рет өнім жинау арқылы жоғары табысқа қол жеткізуде.


Следите за новостями Taspanews