Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланғандар ұсталды
Фото: Polisia.kz
Түркістан облысы, Келес ауданында құмды заңсыз өндіруге тырысқан қылмыстық топ ұсталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Пайдалы қазбаны – қиыршық тасты өз бетімен сатқаны бойынша 4 күдікті ұсталды. Келтірілген залал 437 млн теңгені құрады.
Тінту кезінде 1 экскаватор, 1 жүк тиегіш, 4 жүк көлігі және басқа заттай дәлелдемелер табылып, тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу іс-шаралары жүргізілуде.