Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланғандар ұсталды

Фото: Polisia.kz

Түркістан облысы, Келес ауданында құмды заңсыз өндіруге тырысқан қылмыстық топ ұсталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Пайдалы қазбаны – қиыршық тасты өз бетімен сатқаны бойынша 4 күдікті ұсталды. Келтірілген залал 437 млн теңгені құрады.


Тінту кезінде 1 экскаватор, 1 жүк тиегіш, 4 жүк көлігі және басқа заттай дәлелдемелер табылып, тәркіленді.  Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу іс-шаралары жүргізілуде.