Түркістан облысында жер сілкінісі байқалды

Фото: istockphoto.com

9 желтоқсан күні, сағат тілі 8:31 болғанда Түркістан облысында 2 балдық жер сілкінісі тіркелді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жер асты дүмпулері Қазақстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 742 шақырым жерде сезілді.


"Жер асты қозғалыстарының ошағы Мақтаарал ауданында, Атакент ауылында тіркелді, онда ол 2 баллды құрады. Қираған ғимараттар немесе зардап шеккендер тіркелген жоқ", – ҚР ТЖМ.