Түркістан облысында жол ережелерін бұзған жүргізушінің алимент төлемегені анықталды

Фото: Polisia.kz

Түркістан облысында айыппұл төлемеген адамның басқа да заң бұзушылықтары анықталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


300 мың теңге айыппұлы бар көлік жүргізушісі жылдамдықты асырғаны үшін және алимент төлемегені үшін тоқтатылды.


Көлік айыппұл тұрағына жеткізілді.  


Еске салсақ, 21 қарашада балаларына алимент төлемеген Қарағанды тұрғындары “Қорғау” бақылау жүйесі арқылы анықталды.