Түркістан облысының аудандық білім бөлімінде бюджет қаражаты жымқырылды

Depositphotos фото на taspanews.kz от 06 января 2025 09:52
Фото: Depositphotos

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы Білім бөлімінде мемлекет бөлген қаражатты негізсіз иелену тіркелді, – деп хабарлайды облыс прокуратурасына сілтеме жасап.


43 лауазымды тұлға мен жауапты қызметкер 2,4 млрд теңгеден астам қаржы жымқырған. Бұл білім саласында қызмет атқармайтын адамдарға жалақы жіберу арқылы іске асқан.


Қазіргі таңда айыпталушылар 333,5 млн теңге қайтарды, 649,7 млн теңге құрайтын мүліктеріне тыйым салынды.


Следите за новостями Taspanews