Түркістан облысының білім басқармасының есепшілері 2,8 млрд теңге ұрлаған

 фото на taspanews.kz от 05 июня 2024 16:25
Фото: Түркістан облысының прокуратурасы

Түркістан облысы бойынша білім басқармасының есепшілері 2,8 млрд теңге ұрлаған. Әзірге бюджетке 309 миллион теңге ғана қайтарылған.


Бұл деректі Түркістан облысының прокуратурасы хабарлады. Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе жымқыру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.


Қабылданған шаралардың нәтижесінде қазірдің өзінде 309 миллион теңге мемлекеттік бюджетке қайтарылды. Тексеру жұмыстары жалғасуда және ерекше бақылауда деп хабарлады облыстық прокуратурада

Күдіктілерді нақты түрме жазалары күтіп тұр. Сондай-ақ, бұған дейін Шымкенттегі мектептің есепшісі мен директордың орынбасары 42 миллион теңге ұрлап, 7 және 8 жылға сотталғаны белгілі болды.


Следите за новостями Taspanews