Түркістан облысының полицейлері жоғалған қойларды тапты

 фото на taspanews.kz от 24 мая 2024 16:00
Фото: polisia.kz

Жергілікті тұрғын үйден үш шақырым жердегі алқаптан табылған жоғалған алты қойды іздестіруде жедел жұмыс істеген полицейлерге алғысын білдірді, - деп хабарлайды Taspanews тілшісі polisia.kz сілтеме жасап.


Полицейлер жоғалған қойларды Түркістан облысында тапты. Жергілікті тұрғын жоғалған қойларды іздеуде жедел әрекет еткен учаскелік инспекторларға алғысын білдірді.


Түркістан қаласының тұрғыны күндіз үйінің жанынан алты бас ұсақ малының жоғалып кеткені туралы полицияға хабарласқан. Учаскелік инспекторлар дереу оқиға орнына барып, іргелес жатқан аумақтар мен жайылымдарды аралап, іздестіру жұмыстарын бастады.


Нәтижесінде үш сағаттан кейін полицейлер жоғалған қойларды жайылымнан үш шақырым жерде, көрші ауылдың маңындағы алқаптан тапты. Полицейлердің кәсіби шеберлігінің арқасында табылған қойлар иесіне қайтарылды. Әйел полицейлерге жедел жәрдем көрсеткені үшін алғысын білдірді.


Следите за новостями Taspanews