Түркістанда сегіз адам мүгедектікті ресімдеуге көмек алуға жүгінген.

Фото: Depositphotos

Күдікті белгілі бір сыйақы үшін мүгедектікті алуға жәрдемдесемін деп уәде беріп, ізін суытқан. Келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен үш миллион теңгені құрады, – деп хабарлайды Taspanews,kz ҚР ІІМ-ге сілтеме жасап.


Тергеу барысында алаяқтың барлық қаражатты жеке басы қамы үшін пайдаланғаны анықталды.


Күдікті қамауға алынды, іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.