Түркістандық мақта өнімдеріне Louis Vuitton және Gucci тарапынан сұраныс артты

Agropress фото на taspanews.kz от 31 октября 2024 13:33
Фото: Agropress

Түркістанда мақта өңдеу кешені құрылысы жүзеге асады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.


Аталған жобаның құны 146,8 млрд теңгені құрайды. Тоқыма фабрикасы 11 цехтен тұратын болады. Қызметі – иіру, мата өндіру, бояу, өңдеу.


Кешен құрылысын Xinjiang Lihua (Group) Co., LTD жүргізеді.


Жоба аясында әлемдік Louis Vuitton және Gucci брендтерімен ынтымақтастық көзделген. Оларға тігін жіптер мен мата сатылады.


«Түркістан облысы - Қазақстанның мақта өсіретін жалғыз өңірі. «Мақта шаруашылығын дамытудың және мақта-тоқыма кластерін қолдаудың 2027 жылға дейінгі өңірлік жол картасы» шеңберінде тоғыз мақта кластерін құру жоспарлануда», – Ауыл шаруашылық министрлігі.

Следите за новостями Taspanews