Түркістанның даму үрдісі: қаланы ерекше мәртебелі ету мен Мәскеуге тікелей рейс

Фото: Pixabay

Түркістан облысының әкімдігі қаланың инфрақұрылымын кеңейту және туристік тартымдылығын арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бұл бағыттағы маңызды қадамдардың бірі Түркістан мен Мәскеу арасында тікелей әуе рейсін ашу туралы ұсыныс болды, – деп хабарлайды Taspanews.kz.


Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мәжілісінің жалпы отырысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев мәлім етті. 


Одан бөлек, Мәжілісте "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" заң жобасы бірінші оқылымда қаралып, мақұлданды. Алда келесі оқылымдар бар. Заң жобасы әзірге қабылданбады.



Тәжібаевтың айтуынша, Түркістандағы туризмді одан әрі дамыту үшін халықаралық әуе қатынасын дамыту аса маңызды.«Қазіргі уақытта аймақ халықаралық әуе байланыстарын белсенді дамытып, Кувейтке, Абу-Дабиге және Стамбұлға рейстерді жіберуде. Бұл бағыттар жоғары жүктемені көрсетеді – рейстердегі жолаушылар саны 90%-ға жуық. Алайдв, біз қаланың әуе саласындағы әлеуеті бұдан да көп рейстерді қабылдауға мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Болашақтағы басты міндеттердің бірі – Түркістан мен Мәскеу арасында тікелей әуе рейсін ашу, бұл туристік ағынды айтарлықтай арттырып, Ресейдің ірі қалаларымен байланысты жақсартуы тиіс», – деді облыс басшысының орынбасары. Тәжібаев Түркістан қаласының инфрақұрылымын дамытудың ауқымды жоспарларына да жан-жақты тоқталды. Атап айтқанда, алдағы жылдары облыс экономикасына жеке инвестиция тартуға 145 млрд. Бұл қаражат тоғыз жаңа қонақүй, қолөнер орталығы, аквапарк, бизнес орталығы және сауда ойын-сауық кешені сияқты жаңа туристік нысандарды құруға жұмсалады. Бұл жобалардың барлығы туристерге қолайлы жағдай жасап, қала қонақтарына қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған. «Соңғы үш жылда Түркістан туризм инфрақұрылымы жағынан айтарлықтай жетістіктерге жетті. Осы кезеңде туристік нысандарды салу мен жаңғыртуға 125 млрд теңге бөлінді. Мәселен, соңғы үш жылда қаладағы қонақ үйлер саны 38-ден 68-ге дейін көбейіп, өңірге келетін туристер санының артуына ықпал етті. Соңғы жылдың өзінде Түркістанға 950 мыңнан астам турист келді. Олардың басым бөлігі қаладағы жаңа қонақ үйлерге орналасты», – деді облыс әкімінің орынбасары.