Түркия мен Қазақстан өсімдік өнімдерін тасымалдауда фитосанитарлық бақылауды күшейтуі мүмкін

ҚР Парламенті Мәжілісінде Түркия мен Қазақстанның өзара тауар алмасуы бойынша Өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы ҚР Заң жобасы қаралды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап.
Келісімде карантинге жататын өсімдіктерді өткізу кезінде фитосанитарлық қауіпсізідікті қамтамасыз ету үшін өзара ынтымақтастықтың негізгі сәттері ескерілді. Заң жобасы қабылданған жағдайда зерттеу және диагностикалық тәжірибе алмасу жөнінде ғылыми ұйымдардың ынтымақтастығын жүзеге асыру, жаңа-нормативтік-құқықтық актілер және транзит шарттарына қатысты талаптар қарастырылады. Заң жобасы өсімдік карантині жөніндегі қызметті одан әрі дамытуды жаңа деңгейге шығаруды көздейді. Жобаны 94 депутаттың 94-і қолдады.
Баяндамада, Түркиядан импортталатын өнімдер – қызанақ, алма, цитрус түрлері, жаңа піскен жидектер, ал Қазақстаннан экспортталатын өнімдер – дәнді-дақылдар мен бұршақ дақылдары екені мәлімденді.
Соңғы үш жылдың ішінде карантиндік фитосанитарлық бақылау жүргізу кезінде Түркиядан талапқа сәйкес келмейтін 76 өнім тасымалдау жағдайы байқалды. Оның алтауында карантиндік нысан тіркелді.
Заң жобасы Сенатта қаралады.