Түркиядан террористік ұйымның әрекетіне қатысы бар күдікті қайтарылды

Фото: Pexels

16 қараша күні терроризмге әрекеттескен қазақстандық елге қайтарылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ҰҚК сілтеме жасап.


Тергеу ақпаратына сай, ол Сириялық террористік топтардың біріне қосылды. Кейінірек, Түркиядағы Анталия қаласында ұсталды.


Оның Қазақстанда жаза өтеуге дайын екені анықталды. Қылмыстық кодекстік 257 бабы, 2 бөлігі аясында сотқа дейінгі тергеу-тексеру жүруде. Күдікті қамауда.


Еске салсақ, 4 қарашада Кентау қаласында экстремистік ұйым жойылды.