Түркиялық делагация Ақтаудағы ұшақтың қирауын зерттеуге ат салысады
Түркияның Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулқадыр Уралоглу 8 адамдық құрам 27 желтоқсан кешінде Әзірбайжан астанасы Бакуге аттанатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.
Құрам әуе апатын зерттеу мақсатында Әзірбайжан Мемлекеттік азаматтық авиациясы агенттігінің сұрауы бойынша құрылды. Сараптамалық комиссия ұшақтың қирау себептерімен айналысады. Техникалық және қолданудағы ереже бұзушылықтарға ден қойылады. Уралоглу делегация жұмысын 28 желтоқсаннан бастайтынын жеткізді.
Еске салсақ, осыған дейін Бакуден Грозныйға ұшып келе жатқан ұшақтың Ақтау маңында апатқа ұшырағаны белгілі болған еді. Апат орнына энергетиктер бірінші болып жетті. Көп ұзамай оқиға орнына Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі жетіп, апат салдарымен жұмысты жалғастырды.