Түрмеден босады: қамаудағы адам медициналық көрсеткіштер бойынша босатылды

Фото: ҚР АҚЖУ

Түркістан облысының соты қамаудағы адамды медициналық көрсеткіштер бойынша босату туралы өтінішін қанағаттандырды, – деп хабарлайды Taspanews.kz "ҚР АҚЖУ" сілтеме жасап.


Түркістан облысындағы адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша ҚАЖД №55 түзеу мекемесінде ұсталған тұтқынның өтінішін қарады.


Өз өтінішінде тұтқын денсаулығына байланысты босатуға көмектесуді сұрады. Оған бауыр циррозы диагнозы қойылған.


ҚПЖУ өкілі Түркістан облысының прокуратурасы мен Денсаулық сақтау басқармасына хат жолдады.


Нәтижесінде Төле би аудандық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 75-бабының негізінде қамаудағылардың денсаулық жағдайы бойынша босату туралы өтінішін қарады және қанағаттандырды. Қазіргі уақытта тұтқын өз үйінде.