Тұрсынбек Қабатовтың әйелі сериал түсіріп жатыр
Қазақстандық танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова сериал түсіріп жатыр. Бұл туралы Taspanews.kz Мұқанованың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Айтуынша, ол сериал түсіру үшін Астанадан Алматыға барған.
«Мына Мөлдір тағы не істеп жүр дейсіздер ғой. Еліміздің болашақ жұлдыздарымен кино түсіріп жатырмыз. Астанадан Алматыға чемоданым мен актерлерімді арқалап, америкалық-корейлік стильде мектеп жайлы сериал түсіруге келдік. Басты рөлде жасөспірім 10 оқушы. 10 түрлі мінез, 10 түрлі тағдыр, 10 түрлі арман. Жасөспірімдер мен мектеп жайлы кино болғандықтан, біразыңыз үйлеріңіздегі бір-бір бойжеткен мен бозбаланың өмірін кинодан көріп, түсіне аласыздар», - дейді ол.
Мөлдір Мұқанованың сөзінше, сериалдың стилі жасөспірімдердің заманауи құндылықтарын ескеріп отырып таңдалған.
«Киноның стилі бүгінгінің балаларының қызығушылықтарын ескере отырып таңдалды. Түрлі салада жүріп, көріп жас баланың көзіндегі отты жағу, бойындағы жігерді оятудан асқан бақыт жоқ екенін түсіндім. Ал болашақ жарық жұлдыздарымызға сәттілік тілеп қойыңыздар», – деп жазды ол.