ТЖМ қызметкерлері арқасы жарақатталған 21 жастағы ер адамды Жетісу облысындағы таулардан эвакуациялады

Фото: ҚР ТЖМ

Сейсенбі, 30 шілдеде Ескелді ауданында 21 жастағы ер адам табын алу үшін тауға шығып, жылқыдан құлады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ Telegram-арнасының ақпаратына сілтеме жасап.


Құтқарушылар тікұшақтың көмегімен ер адамды тау етегіне эвакуациялап, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.