ТЖМ мерзімді әскери қызметшілері жұмысшы кәсіптерін игереді

Фото: ТЖМ

2025 жылдың Жұмысшы кәсіптер жылы екенін ескере, Президент жарлығын іске асыру үшін Төтенше жағдайлар министрлігі әскери мамандықтарды сұранысқа ие мамандықтарға оқытуды жалғастыруда, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Мерзімді әскери қызмет аяқталғаннан кейін білім алғандығы жайлы куәлік сарбаздарға еңбек нарығына бейімделуге мүмкіндік береді.


"Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімі, Ж. Жабаев атындағы кәсіптік колледжі және Мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты арасында жасалған меморандум негізінде мерзімді әскери қызметшілер аспазшы, автомеханик, слесарь, шаштараз, газ дәнекерлеуші, электрик сияқты мамандықтар бойынша оқудан өтеді", – делінген хабарламада.