Қуат Хамитов: "Жемқор әкім бір апта ішінде Олимпиада жүлдегерінен де көп ақша табады"

Қуат Хамитов: "Жемқор әкім бір апта ішінде спортшыдан да көп табады" фото на taspanews.kz от 14 августа 2024 18:23
Фото: Instagram kuat__khamitov

Парижде XXIII жазғы Олимпиада ойындары аяқталды. Қазақстан жеті олимпиадалық марапатқа ие болды – бір "алтын", үш "күміс" және үш "қола". Осы жетістіктері үшін спортшылар мемлекеттен қомақты сыйақы алады. Төлемдердің жалпы сомасы 925 мың АҚШ долларын құрайды: 250 мыңы бірінші орын үшін, 150 мыңы екінші орын үшін және 75-і үшінші орын үшін бекітілген.


Жалпы медальдық есепте біздің ел тек 43-ші орынға ие болғанымен, Қазақстан олимпиадашыларға ең жоғары төлемдер рейтингісінде бесінші орында тұр. Белгілі қазақстандық ММА тарланы Қуат Хамитов Taspanews.kz сұхбатында Олимпиада медальдары үшін біздің спортшыларға арналған марапат мөлшерін сынға алды.


"Көп емес"


Оның пікірінше, біздің спортшыларға тым аз төлем бөлінген.


"Менің ойымша, спортшыларға көбірек сома берілу керек. Оларға Олимпиада жүлделері үшін берген қаржыны кез-келген сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар әкім бір апта ішінде табады. Әкіммен салыстырғанда, олар өмір бойы адал еңбекпен тер төгеді. Маған спортқа бөлінген қаражаттың жұмсалуы ұнамайды. Олар спортшыларға жетпей шетте қалады және дайындық процесіне де қосыла бермейді! Осы Олипиададан кейін спортты қолға алып, жүйені толығымен өзгертетін кез келді. Спорттағы барлық делдалдарды алып тастау керек", - деді Қуат Хамитов.

Бестік қатары


CNBC сарапшылары атап өткендей, ең жоғары "сыйақыны" Гонконгтық спортшылар алады. Онда бірінші орын үшін спортшы 768 мың АҚШ долларын, "күміс үшін" - 384 мың, "қола" үшін - 192 мың АҚШ долларын алады. Екінші орында – Сингапур. Олардың спортшылары алтын медаль үшін 745 мың доллар, екінші орын үшін 373 мың және үшінші орын үшін 186 мың доллар алады. Үшінші орында Индонезия: "алтын" үшін 300 мың доллар, "күміс" үшін 150 мың доллар, "қола" үшін 60 доллар. Қазақстанға дейінгі орынды иеленген Израиль "алтын" үшін 271 мың доллар, "күміс" үшін 216 мың доллар, "қола" үшін 135 мың доллар беруге дайын.


Қазақстан бірнеше олимпиадалық цикл бойы өз чемпиондарына 250 мың доллар ұсынып келеді, бұл біздің елімізді сыйақы мөлшері бойынша ТМД елдері арасында көшбасшы етті. Бүгінгі таңда Қазақстан Олимпиада жүлдегерлеріне сыйақы беруде 5-ші орында.


Следите за новостями Taspanews