ҰБТ-ның 7 апта аралық қорытындылары хабарланды

Фото: testcenter инстаграм парақшасы

ҰБТ тапсырған түлектердің қаншасы шектік балл алғандығы,  орташа көрсеткіш көрсеткендігі және қанша оқушы ереже бұзғаны туралы белгілі болды, – деп хабарлайды Taspanews.kz testcenterkz инстаграм парақшасына сілтеме жасап.


7 апталық аралық мерзімде жоғарғы оқу орнына түсу үшін ҰБТ 315 мың рет тапсырылған. Соның ішінде, талапкерлердің 78 %-ы шектік ұпай жинады, орташа ұпай – 70. Ерекше білім беру қажеттілігі бар 639 талапкер қатысқан.


596 адам тест тапсыру ережелерін бұзған. Олардың нәтижелері ескерілмейді.


Бұзушылықтар қатары:


– Ұялы телефон, шпаргалка мен рұқсат етілмеген заттарды алып кіру


– Тестілеу барысында ереже бұзу.


Нәтижесінде, бірінші жағдайда 375, екінші жағдайда 179 адам тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды.


Бейнежазбамен қадағалау нәтижесінде 42 адам нәтижесі саналмайды.


Қорытындыда, Алматы облысынан 140 балл жинаған Жаннұр Еңсебек келтіріледі. 


Еске салсақ, Ақмола облысының тұрғыны Айым Ержанова дәл осындай көрсеткішке ие.