Үкімет отырысында IX Азия ойындарына дайындық барысы қарастырылды

Фото: Depositphotos

2025 жылы 7-14 ақпан аралығында Қытайдың Харбин қаласында IX Азия ойындары өтеді. Оған Қазақстан құрамасы 10 бағдарлама бойынша 6 спорт түрінен қатысады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Премьер-министрінің сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан атынан 138 спортшы бақ сынайды.


Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі спорт инфрақұрылымының маңызын келтіре, әкімдіктер мен кәсіпкерлер аталған бағытта белсенді жұмыс жасау керегін баса айтты.


Министр баяндамасына қатысты ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қолдау білдірді:


«Премьер-министр Туризм және спорт министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп инвесторлар тартып, спорт инфрақұрылымын салу үшін қолайлы жағдай жасау, оның ішінде Алматымен қатар Алматы облысында, Шығыс Қазақстанда және басқа аймақтарда жаңадан тау шаңғысы трассаларын жасау жұмыстарын жандандыруды тапсырды», ҚР Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы.

Сонымен қатар, Премьер-министр олимпиадалық стандарттарға бағдарланған дайындық бағдарламаларын құру жөнінде қарқынды жұмыс атқарылу қажеттігін атап өтті.