Үкімет отырысында қазіргі уақыт белдеуі мүлдем жаңа емес екендігі туралы мәлімет келтірілді

Фото: Премьер-министр ресми ақпараттық ресурсы

Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев қазіргі уақыт белдеуі бұрынырақ Қазақстан бойынша кеңінен тарағанын айтты, – деп хабарлайды Taspanews.kz Премьер-министр ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.


Министр бұрынғы UTC+6 уақыт белдеуі 1930-1931 жылдар аралығында арнайы белдеулік уақытқа 1 сағат қосылу арқылы енгізілгенін айтты. Осыдан келе, қазіргі UTC+5 уақыт белдеуі жаңа емес, өзгеріссіз кезеңдердегі уақыт екенін мәлімдеді. Бұл тарихи дұрыс уақыт екені туралы мәлімет келтірілді. 


Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Халықаралық альянс (IANT) ҚР Парламенттінің бұл шешіміне оң бағасын бергені туралы ақпарат берді.