Үкіметте алма әкелу және дизель отынын автокөлікпен әкету мәселесі талданды

Фото: Pexels

27 тамыздағы ведомствоаралық комиссия отырысында экспорт мәселесі талданды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.


Үкіметте Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен Сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында жекелеген отын түрлері – бензин, дизель отыны және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін ұзарту кезеңі созылды. Оларды автокөлікпен әкетуге тыйым күшін жоймады. Бұл шара ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін қажеттігі айтылды.


Алманы автокөлікпен әкелу уақытша тоқтатылды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегіне сай, бағбандық саласында көрсетілген мемлекеттік көмек шаралары жеміс берген. Нәтижесінде, Қазақстанда 300.000 тоннаға жуық алма жинау болжануда. Жыл соңына дейін алма импортталмайды.