Үкіметте елдегі жылқы тұқымдарын жаңғырту мәселесі қаралды

Фото: Pexels

Қазақстанда жемшөп пен жылқы шаруашылығын дамыту стратегиялары вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметтегі кеңесте талқыланды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Премьер-министрі сайтына сілтеме жасап. 


Кеңесте жылқы өсірушілер Қазақстан бойынша асыл тұқымды жылқыларға зерттеу жүргізетіні келтірілді. Сонымен қатар, асыл жануарларды күтіп-баптау, өсіру шарттары мәселелері жеке инвестицияларды тарту арқылы жүзеге асатын болады.


Қостанайда мініске берік, жүйрік жылқылар бар екенін ескере, спорт мектебін ашу жоспарланды.


Жалпы қазақстанда көшім жылқысы, Қостанай жылқысы, мұғалжар жылқысы секілді 13 етті-сүтті жылқылар өсіріледі.