Украинадағы Қазақстан азаматының әлеуметтік төлемдер бойынша 5 теңге қарызы үшін шоттары бұғатталған
Фото: Pexels
Украинада күйеуі дипломат қызметін атқаратын Аселина Батыр Қазақстанға 5 теңге қарыз болып, қаражатсыз қалған, – деп хабарлайды Taspanews.kz Голос Народа сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік төлем бойынша 5 теңге қарызды шоттан шешудің орнына, оның толықтай бұғатталғанын келтіре Аселина 10 мың евро шығынға ұшырағанын айтты. Шоттар қолжетімсіз болған соң, ол мердігерлер, тапсырыс берушілер мен жұмысы бойынша келіскен адамдар алдында өз міндеттемелерін орындай алмаған. Қарыз сомасы нақты алғанда 4 теңге, 93 тиынды құрайды.
«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленбеген әлеуметтік берешектің шекті мәні бойынша төлемдерді мәжбүрлі түрде алу жүзеге асырылмайды. Яғни, онда шекті мән жоқ. Сонымен қатар, қазіргі уақытта салалық заңнамада әлеуметтік төлемдер бойынша берешек өтелмеген жағдайда банк шоттары бойынша шығыс операциялары қарыз сомасы шегінде емес, толығымен бұғатталған. Яғни, банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы бұйрықта әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сомасы көрсетілмейді», –