Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға арналған жайлылық аймағын ашты

Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

Ұлттық тасымалдаушының «Нұрлы жол» вокзалында жайлылығы жоғары аймақ ашылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жаңа лаундж-аймақта жолаушылар тынығып, сапарға дейінгі уақытты тиімді өткізе алады. Бір мезетте аймақта 20-25 адам орналасады. Мұндағы көрсетілетін қызметке тегін шәй, кофе мен ауыз тиюге арналған кішігірім дайындамалар, ұялы телефондарды қуаттауға арналған пауэрбэнктер, жылдамдығы жоғары Wi-Fi және кітапхана қарастырылған. Сонымен қатар, лаундж-аймақта пойыздардың келіп-кетуін бақылайтын арнайы электронды тақта орнатылды.


«Бұл жоба «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның филиалы – «Магистральдық желі дирекциясы» және «Нұрлы жол» вокзалының қолдауымен жүзеге асырылды. Аймаққа кіру құны 2500 теңге, ал болу уақыты шектеусіз. Отбасылар үшін арнайы балалар ойын алаңы қарастырылған, онда кішкентайлар уақыттарын көңілді әрі пайдалы өткізе алады. Сонымен қатар, аймаққа кіру құнына багажды сақтау қызметі де қосылған»,  – «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.